Қазақстанның алты қаласында жаңа шектеулер енгізілді
Үкімет коронавирусқа байланысты Қазақстанның алты қаласында демалыс күндері (20-21 маусым) жаңа шектеулер туралы жариялады. Шектеулер 20 маусымда сағат 00:00-де әрекет ете бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Демалыс күндері, яғни 20-21 маусымда Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Шымкент, Павлодар және Екібастұз қалаларында сауда орталықтары, сауда үйлері, желілік дүкендер, азық-түлік және азық-түлік емес базарлар жұмыс істемейді. Сондай-ақ саябақтарға, скверлерге, жағалауларға, жағажайларға, аквапарктарға, фитнес-орталықтарға баруға тыйым салынады. 65 жастан асқан адамдарға далаға шығу шектеледі. Туристік аймақтарға кіру мүмкін болмайды.
Нұр-Сұлтанда қала бойынша жаяу және жеке көлікпен жүру шектелген. Ерекшеліктерге мыналар жатады: жұмысқа бару (жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда), тұратын және жұмыс орнына тікелей жақын дүкенге, дәріханаға бару, шұғыл жағдайлар бойынша ауруханаға шығу және үй жануарларын үйдің жанында серуендету.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтанның тұрғындарына 18-19 маусымда қажетті тауарлар мен дәрі-дәрмектерді жинау ұсынылды, өйткені 20 маусымда 00:00-ден бастап ірі дүкендер жұмыс істемейді.
20 және 21 маусымда сауда орталықтарында, базарларда, қоғамдық көліктерде, азық-түлік және азық-түлік емес дүкендерде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде және жаппай жиналатын орындарда ауқымды дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
Демалыс күндері (20-21 маусым) Алматыда Сайран көлінің айналасындағы жаяу аймақта, барлық стадиондарда, Ботаникалық бақта, барлық жағалаулар, саябақтар, скверлер, Панфилов көшесі мен Арбатта серуендеуге шектеу қойылады.

"Қанды Қаңтар" алдында газ бағасын көтеруді қолдаған мұнай сарапшысы тағы сынға қалды: Енді жолақыны қымбаттатуды ұсынды
