Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның 20 миллионыншы адамы кім екені белгілі болды

Бес нәресте Қазақстанның 20 миллионыншы адамы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

нәресте

14 қарашада Қазақстан халқының саны 20 миллионға жеткені хабарланды. 20 миллионыншы азаматтың туғандар мен қайтыс болғандар саны, Қазақстанға келгендер мен кеткендер сияқты демографиялық мәліметтерді ескере отырып анықталды. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерді біріктіру бұл процесті жеделдетіп, 20 миллионыншы адамның туған күнін тез анықтауға мүмкіндік берді.

"Халықтың деректер базасының көрсеткіштері бойынша 14 қарашада таңғы сағат 8:10-да 5 бала дүниеге келіп, халық санының 20 миллион болуына ықпал еткен. Қазақстанның 20 миллионыншы азаматтары Ұлытау мен Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келген. Олардың ішінде үшеуі ұл және екеуі қыз", – делінген хабарламада.

1991 жылы Қазақстан халқының саны 16,4 миллион адам еді. Тәуелсіздік жылдарында ел халқының саны 22,3 пайызға өсті.

Бұған дейін Тоқаев Қазақстан халқы 20 миллионға жеткенін мәлімдеді.

Талқылау