Қазақстан халқының саны 20 миллионға жетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының саны 20 миллионға жеткенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аталған ақжолтай жаңалықты президент қуана жеткізді.
"Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы – бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді", – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасына.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан халқының саны 20 миллионға жуықтағанын хабарлаған едік. Стратегиялық жоспарлау және реформа агенттігінің Ұлттық статистика бюросының соңғы деректеріне сәйкес, ел халқының саны тұрақты өсуді жалғастыруда. 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі дерек бойынша халық саны 19 миллион 944 726 мың адамға жетті.
"Қазақстан аруы" Алина Ри "Ғалам аруында" киетін 30 келілік ұлттық костюмін көрсетті
Алина Ри: "Қазақстанды алғаш рет әлемнің үздік 30 елінің қатарына қосуды армандаймын"
Шетелден көлік әкелуге қатысты заң өзгерді: Қазақстандықтар нені білуі керек
Қыркүйекте көлік экспорты туралы заң шыққаннан кейін шетелден көлікті қалай әкелеміз?