"Қазақстаннан әкелінген еттен бруцеллез анықталды": Министрлік түркіменстандық БАҚ-тың ақпаратына қатысты мәлімдеме жасады

Фото: Pixabay.com
Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті түркіменстандық БАҚ-та Қазақстаннан әкелінген бруцеллез ауруына шалдыққан малдардың еті туралы ақпаратына ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ведомство мұндай ақпараттың шындыққа жанаспайтынын баса айтты.
"2025 жылы Қазақстаннан Түркіменстанға ет жеткізілген жоқ. Кейбір ақпарат көздерінде Ақмола облысынан Түркіменстанға бруцеллезге шалдыққан мал еті жеткізілгені туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", – делінген хабарламада.
Комитет әрқашан уәкілетті органдардың ресми ақпаратына сүйенуді ұсынды.
Еске салсақ, түркіменстандық БАҚ бұған дейін Қазақстаннан келген еттен бруцеллез табылып, сол ет партиялары балалар мекемелері мен сауда желілеріне түскенін мәлімдеген еді.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмыстарын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған