Қазақстаннан 160 мың медициналық бетпердені шетел асырмақ болған
Пысықайлар Павлодар облысында 160 мың медициналық бетпердені шетел асырмақ болған. Оны Ресей мен Моңғолияға жеткізу көзделіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «КТК» жаңалықтарына сілтеме жасап.

Моңғолияның азаматтары өз еліне 8 мың бетпердені алып кетпек болған. Осыншама медициналық тауардың не үшін қажет болғанын олар түсіндіре алмады. Ал Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны 150 мың бетпердені Новосібірге жеткізуді көздеген. Ең қызығы, бұл тауарды заңға сәйкес ешкім тәркілей алмайды. Тек елден шығаруға тыйым салынған.
«Медициналық маскаларды, жалпы медициналық бір реттік заттарды жеке пайдалануға арналған, оны өткізуге тыйым салынған. Ешқандай жауапкершілік қарастырылмаған. Мәжбүрлеп алу немесе әкімшілік жауапкершілік алмайды. Демек, тыйым салынып, бұл заттар елімізде қалады”, – дейді Павлодар облыстық Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы Индира Әбілова.
"Пасханы да, Ораза айтты да бірге тойламыз": Қазақстандық ару көпұлтты отбасындағы татулық пен ерекше дәстүрлері туралы айтты
Наргиза: "Дін мен тілге бөлінбей барлық ұстанымдарға екіжақты құрмет көрсетеміз"
Алтынемел паркінде Сауд Арабиясының демеушілігімен ителгілер мен сұңқарлар ұшырылды
Маманның айтуынша, Қазақстандағы ителгі популяциясының жағдайы алаңдатарлық деңгейге жеткен