Қазақстанға Қытайдан алғашқы гуманитарлық көмек келді: Қандай құралдар жеткізілді?
Алматы халықаралық әуежайына Қытай үкіметінің медициналық қорғаныс құралдарының алғашқы гуманитарлық жүктері келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Фармация" СК Алматы қаласындағы өкілдігінің менеджері Шолпан Ағыбекованың айтуынша, гуманитарлық көмектің жалпы салмағы 500 кг құрайды.
"Қазақстанда жарияланған төтенше жағдайды ескере отырып, Қытай Республикасы бізге гуманитарлық көмек көрсетті: коронавирусты анықтау үшін диагностикалық тесттер, инфрақызыл термометрлер, бір рет қолданылатын қолғаптар, бахилалар, медициналық киімдер, көзілдіріктер және басқа да медициналық қорғаныс құралдары", - деді ол.
Оның сөзінше, оларды елдегі медициналық мекемелердің қажеттілігіне қарай таратады.
ҚР-дағы Қытай бас консулының орынбасары Мяо Хумбо бұл көрсетілетін алғашқы және соңғы көмек емес екенін атап өтті.
Жүк Алматы әуежайында 2 сәуірде қабылданды.
Kcell компаниясы қызметкерлеріне арналған жаңа жылдық корпоративке 160 миллионға жуық қаражат жұмсаған
1100 адамға кешкі ас қарастырылған: қымбат салат, түрлі ассорти, стейк, жеміс пен десерт қойылған
Қазақстан шоу-бизнесіндегі ең даулы сәттер: 2025 жыл қандай жайттармен есте қалды?
2025 жылы желіде талқыланған даулар