Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық жігіт Конор Макгрегордың образымен Лос-Анджелес тұрғындарын таңғалдырды (видео)

Қазақстандық спортшы Ислам Бадургов өзін ережесіз жекпе-жек шебері әйгілі Конор МакГрегорға ұқсатып, Лос-Анджелес тұрғындарын таңырқатып тастады.

Безымянный

Ислам Бадургов командасының кезекті пранкы жақында болатын Конор МакГрегор мен Флойд Мейвезердің жекпе-жегіне арналған. Ол өз кейіпкеріне ұқсау үшін, грим жағып, уақытша татуировка салдырып, тіпті шаш үлгісін де өзгерткен. Лос-Анджелес көшелерімен “Бентли” көлігіне мініп жүріп өткен “МакГрегор” көпшілікті айран-асыр таңғалдырады.

Адамдар оған риза болып, онымен сөйлесіп, тіпті суретке де түскен Әсіресе, ол МакГрегордың өзі жиі келетін Беверли-Хиллздегі Родео-драйв көшесінде адам көп жиналған. Өтіп бара жатқан адамдар тоқтап, айғайлап оған ризашылығын білдірген.

“Біздің кезекті пранкымыз 40 миллионнан астам қаралым жинады. Көп адамдар маған шынында да Конорға ұқсайсың деп жатыр. Бұл да роликтің танымал болуына әсер етті. Біздің әрекетіміз Лос-Анджелесте ғана емес, әлемінде де шу тудырды. Конор, сен ұлы спортшысың, сен көп адамға мотивация бересің. Біз бұл роликті сол себепті де саған және сенің Мейвезерді жеңуіңе арнадық”, – деп жазады Бадургов желідегі парақшасында.

Оқи отырыңыз:

Мен сатқын емеспін: Қазақстандық боксшы не үшін Альвареспен жаттығып жүргенін түсіндіріп берді

Сұлулардың түн ұйқысын ұрлаған Дәулет Тұрлыхановтың ұлы жайлы не білеміз?

Майк Тайсон бала күнінде сексуалды зорлықтың құрбаны болғанын мойындады

Акуламен жүзіп жарысқан Майкл Фелпс жеңіліс тапты (видео)

Талқылау