Майк Тайсон бала күнінде сексуалды зорлықтың құрбаны болғанын мойындады
Майк Тайсон бала кезінде сексуалды бопсалаудың құрбаны болған екен. Бұл туралы ол ESPN телеарнасына берген сұхбатында айтып берген.

Фото: Инстаграм
“Мен бұл туралы бұрын ешкімге айтпаған едім. Маған жасалған нәрсе, менің еркектігімді кеміткен жоқ. Оқиға менің өміріме айтарлықтай өзгеріс енгізбеді”, – дейді кәсіпқой бокстан әлемнің абсолютті чемпионы.
Боксшының айтуынша, қылмыскер оны күштеп оңаша жерге алып кеткен. Осы жағдайдан кейін ол бокспен айналысуға бел буады.
Тайсон 1985-2005 жылдар аралығында кәсіпқой бокспен айналысты. Шаршы алаңда 58 жекпе-жек өткізіп, 50-інде жеңіске жетті.
Оқи отырыңыз:
Аршавин айтқан ескертуіне командаластарының ренжіп қала беретінін айтты
Акуламен жүзіп жарысқан Майкл Фелпс жеңіліс тапты (видео)
Арман Әшімовтің нокауты комментатордың жағасын ұстатты (видео)
Данияр Елеусінов ұлттық құрамаға қайта оралу туралы шешім қабылдады
"Жүрегім Қазақстан деп соғады": Елімізді ұнатып қалған үндістандық боксшы енді Қазақстан атынан сынға түспек
Қазақстан оған тек спорттық мүмкіндік берген мекен емес, жүрегіне жақын елге айналған
"Әрқайсысына 150 миллион теңгеден": Елдегі ұлттық компаниялар 2025 жылы басшыларына қанша сыйақы төлеген
Бағдат Мусин басқаратын Қазақтелекомда жалпы сыйақы көлемі 752,3 миллион теңге болған