Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық гольфші әлемдік гольф аңызының командасына шақырту алды

АҚШ-тың Орландо қаласында 12-14 наурыз аралығында алғаш рет Major Champions Invitational аталатын ерекше гольф турнирі өтті.

Бұл туралы Sport.inform.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Чемпиондардың әрқайсысы өз командасын құрып, жарысқа ұсынды. Әр команда 21 жасқа толмаған екі ер және әйел, жалпы саны 4 спортшыдан тұрады. Осылайша, Рори Макилрой өз командасының құрамына ирландиялық үздік гольфшілердіғ ал Адам Скот аустралиялық гольфшілерді шақырды. Баллестерос қорының командасы испаниялық ойыншыларға үміт артты. Ал Дастин Джонсон, Джордан Спитс, Джим Фьюрик америкалық ойыншыларды жинады. Өз кезегінде Хенрик Стенсон шведтік гольфшілерге сенім білдірді.

Қазақстандық гольфші Дәулет Төлеубаев әлемдік гольф аңызы, мэйджорлардың 18 дүркін чемпионы Джек Никлаустың командасына шақырту алды. Сонымен қатар Никлаустың командасының құрамында PGA Junior 2017 чемпионы Акшай Бхатия, әйелдер арасындағы жарыстардың жеңімпазы Елими Ноа және жасөсіпірімдер турниріндегі жетістіктерімен танымал Анитра Кхотч бар.

Оқи отырыңыз:

Қазақ боксшылары Польшадағы халықаралық турнирде 4 алтын жүлдеге ие болды

Паралимпиада чемпионы атанған қазақстандық спортшы: “Алтынға” көңілім толмай тұр

Қазақстан Паралимпиада ойындарында тұңғыш рет алтын медаль жеңіп алды

Головкин WBN-нің «жылдың ең үздік боксшыны» марапатын алды

Талқылау