Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға жыныс ауыстыру отасы тегін жасалатыны рас па?

Денсаулық сақтау минстрлігі жынысын ауыстыратындарға тегін ота жасайды деген ақпарат көпшіліктің наразылығын тудырып жатыр. Үкімет одан да ем-домға ақша таппай жүрген халыққа тегін қызмет көрсетпей ме деп ашуланады ел, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Информбюро" бағдарламасына сілетем жасап. 

Блогерлер мен белсенділер бұл ақпаратты ести сала, петиция жинамақ болды. Алайда онлайн петиция адам құқықтарын шектейді деп қабылданбай қалыпты.

Бұл ақпарат блогер белсенділерден бастап, өнердегі бір топ қауымның ашу-ызасын келтірді. Мақалада медициналық сақтандыру қорына салық төлеген адамның жыныс ауыстыру отасы тегін болады деп анық жазылған.

"Неге сіздің, менің салықтан, яғни бюджетке салынып отырған ақшадан тегін ота жасалуы керек? Қаншама азаматтарымыз қаншама балалар өз денсаулықтарын жөндеу үшін квота бөлінбей, тіпті шет ел асып жатқан азаматтарымыз да жетерлік. Сол ота жасау үшін. Ал жыныс отасын жасау неге тегін болуы керек?", - дейді блогер, қоғам белсендісі Дәулет Мұқаев. 

Ал мамандар жыныс ауыстыру отасына дейін өте күрделі психологиялық дайындық қажет екенін айтады. Әрі әйел қауымына қарағанда ер адамның жыныс мүшесін ауыстыру оңайырақ деп отыр. Қазір нарықта жыныс ауыстырудың құны 450 мың теңгеден жоғары.



Жарбосынов атындағы Урологиялық ғылыми орталықтың басшылығы біз 2018 жылдан бастап жыныс ауыстыру отасын жасамаймыз деп отыр. Алайда жыныс ауыстыру отасының қымбат әрі күрделі ота екенін растайды. Айтуларынша қазір көбі жеке клиникалық ауруханаға жүгінеді екен.

Даулы мәселеге денсаулық сақтау минстрлігі қысқа жауап қайырды. Министрлік жыныс ауыстыру бойынша шешім 2003 жылы 3 маусымда қабылданды дейді. Яғни бұған дейін де бар медициналық процесс деп отыр.

Алайда жыныс ауыстыру отасы тегін деген ақпарат жалған екенін айтады. Ал 2020 жылдың өзінде жыныстық сәйкестігінен күмән тудырып, толық медициналық тексерістен өткен 13 адам жынысын ауыстырыпты. Белсенділер министрліктің жауабына қанағаттанбаймыз және олардың ресми жауабында жыныс ауыстыруға квота берілмейді деп көрсетілмеген деп отыр.

Еске салсақ, осыған дейін Алтынай Жорабаева мен Айгүл Елшібаева жыныс денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың  «жыныс ауыстыру» жайлы қаулысына қарсы шықты.

Stan.kz https://t.me https://stan.kz

Талқылау