Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елордалық азамат өгей қызын жыныстық қатынасқа тартпақ болған: Қыздың анасы көмек сұрады

Азаматтық некедегі күйеуі қызын алып кетіп, жыныстық қатынасқа тартпақ болғанын айтқан келіншек министрден көмек сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы "Немолчи.кз" парақшасында жарияланды. Қазір анасы қызының өмірі үшін қатты алаңдаулы. Қызының өгей әкесі оны алып кетіп, күш көрсетемін деп қорқытып, жыныстық қатынасқа тартпақ болған көрінеді. 

"Еуразия" бірінші арнасының хабарлауынша, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны кәмелетке толмаған өгей қызын анасы екеуінің қарым-қатынасына кедергі келтіреді деп айыптаған. 

"Ол кеудемді, ішімді ұстады. Мен "Болды, болды" деп айттым. Сосын менен "Сенің жыныстық тәжірибең бар ма?" деп сұрады. Мен "Жоқ" деп жауап қаттым. Ол маған "Бұл үлкен еркекпен алғашқы тәжірибең болады" деп айтты. Оған қоса "Тас жолда сенің денеңді бөлшектеп тастап кетуіме ешкім кедергі бола алмайды" деді", - деп оқиғаның мән-жайын түсіндірді зардап шеккен қыз. 

Қыз оқиға болған күні туған әкісінің үйінде қоныпты. Болған оқиға туралы тек ертесі ғана әкесіне айтып берген. Өз әкесі мәселені шешпек болып, ер адамның үйіне барады.

"Түнде есіктің қоңырауы шырылдады. Есікті ашып, боқтап, тез киімін киіп, балкон жаққа қаша жөнелді. Есікке келіп қарасам, қызымның әкесі тұр. Есікті ашқаннан кейін олар жанжал шығарды. "Ан етемін, олай жасаған жоқпын, ол менің қызым ғой, қызым сияқты қараймын" деді ол", - деп есіне алды қыздың анасы. 

Қыздың анасы сүйіктісінің екі отбасы бар екенін, бес жыл бойы өзін ұрып, несие алуға мәжбүрлеп келгенін айтады.

"Мен қызым үшін және өзім үшін қорқамын. Бұл педофилия! Өсіп келе жатқан қызға ғашық болып қана қоймай, "қызым" деді. Мен бұл істі бақылауға алғанды ​​қалаймын", - деді Ирина. 

Оқиғаға қатысты Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті пікір білдірді. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, тергеу жұмыстары жалғасуда. 

"Ағымдағы жылдың 5 наурызы әйел Есіл аудандық полиция бөліміне азаматтық некедегі күйеуін қылмыстық жауапкершілікке тартуды өтініп шағым түсірді. Ол күйеуін көлікте отырып, кәмелетке толмаған қызын жыныстық қатынасқа мәжбүр етті деп айыптаған. Тергеу барысында бұл факт Нұр-Сұлтан-Көкшетау тасжолында болғаны анықталды. Қазіргі уақытта күдікті анықталып, қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - дейді полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Талқылау