Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мына министр қазақ халқын басынып отыр": Әншілер жынысты тегін ауыстыруға рұқсат берді деп Алексей Цойға қарсы шықты

Алтынай Жорабаева мен Айгүл Елшібаева жыныс денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың  «жыныс ауыстыру» жайлы қаулысына қарсы шықты. Алтынай Жорабаева бұған қатысты президентке үндеу жолдады. 

«Қазаннан қақпақ кетсе, иттен ұят кетеді! Адамнан иман кетсе, ұят кетеді». Денсаулық сақтау «министрі, Алексей Цой жыныс ауыстыру қаулысына рұқсат қаулы шығарды. Президент мырза! Сонда қалай? Осы жағдайдан бейхабарсыз ба? Қандай мемлекетке айналып бара жатырмыз?! ЛГБТ-ның жағдайы үшін барлық жағдай жасауға дайынсыздар ма, сонда? Әлде, сіздің рұқсатыңызсыз білгендерін жасап, ойларына келген қаулы шығара бере ме? Мынау «министр» Қазақстан халқын басынып отыр ғой!», - деді әнші.

«Алланың қаһарына ұшырап кетпесек болғаны! Қаншама мұқтаж отбасы бар, қаншама ауру балалардың еміне дәрі таппай отыр? Ал жыныс ауыстыруға рұқсат беріп! Ол қаншама қаражат!? Мына сұмдықты тоқтатуыңыз керек! Діни басқарма не қарап отыр? Қоғам белсенділері барынша репост!», - деп ойын қорытындылады. Кейбір ауырған жандарға (балаларға) не квота жоқ, не дұрыс ем жоқ. Күніне жүздеген оқырманым ауруына ем іздеп, денсаулық сақтау министрлігінен қайыр жоқ деп ақша сұрап жатады. Ондай диагноздарға ақша жоқ деген министрлік жыныс ауыстыруға ақша тауып отыр...», - деп жазды Жорабаева

Бұл мәселеге дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева да үн қосты. 

«Біз құдайдың жаратылысына қарсы шыққан жынысымен алысқан психикалық ауытқушылығы бар хайуандарға жағдай жасап, тегін үкіметтен ақша бөлгенше, күнде емге ақша сұрайтын инстаграмдағы ауру балаларға сол қаражатты бөлуін сұраймын!», - деп жазды Елшібаева Facebook парақшасында.

Ал журналист, блогер Дәулет Мұқаев бұл мәселені көтеріп, петиция бастағанын жазды. Көпшілікті бірігіп үн қосуға шақырды. 

"Кешегі тегін операция жыры. Жыныс ауыстыруға, оның тегін жасалуына қарсы петиция бастамақ болып едік, оны адам құқығына қарсы деп сайттар ол петицияны қабылдамауда. Енді сіздерді әлеуметтік желілерде белсенді болуға шақырамын. Қаншама ауырып, өлім мен өмір аузында жатқан жандар бар. Олардың кейбіреуіне мемлекет бір тиын да бөлмейді. Жыл сайын мыңдаған жан емін уақытында ала алмай, бақилық болуда. Ал жыныс ауыстыратындарға мына сіз бен менің қаржыма (мемлекеттік бюджет) ақшаның бөлінгені керек емес!!! Құрметті оқырмандар, мына постты барынша репост жасайық. Стористерде бөлісейік!!! Бюджет ақшасы орынды жұмсалуын талап етейік. Цой, бұныңды қой!!!", - деп жазды Дәулет. 

"Жыныстарын ауыстырсын, қарсы емеспін. Тек біздің ақшаға емес!!", "Неге имамдар ештеме деместен отыр?", "Цой дегенді неге алып тастамайды екен? Қазақтын ер азаматы құрып қалып па екен?", "Қарсымыз Цой, бұныңды қой!", "Масқара , осы күнге де жеттік пе ?! Аллаһ өзі сақтасын, сана берсін!", "Халықтың үнін өшіріп, білгендерін істеуде", "Қоғамды бүлдіріп аздырудың қажеті жоқ!", деп жазды желі қолданушылары. 

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрі өзінің 2020 жылғы 25 қарашадағы бұйрығымен гендерлік сәйкестілігі бұзылған адамдарды медициналық куәландыру және жынысын ауыстыру ережесін бекітті. Бұйрықта жынысын 21 жасқа толған және қабілетті гендерлік сәйкестілігі бұзылған адамдар ауыстыра алады деп айтылған.

Талқылау