Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтарға тағы да несиелік рақымшылық жасала ма? Премьер-министр жауап берді

Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин "Халық коммунистері" фракциясы депутаттарының сауалына берген жауабында қарыз алушылар үшін кредиттік рақымшылық жасау туралы ұсыныс қолдау таппағанын мәлім етті,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Несиелік рақымшылық жасау туралы ұсыныс барлық несиелер бойынша тізбекті реакция міндеттемелердің жаппай орындалмауын тудырады, бұл банк жүйесінің қаржылық тұрақтылығына және банктердің салымшылар мен басқа клиенттер алдындағы өз міндеттемелерін орындау қабілетіне қауіп төндіреді, осыған байланысты бұл ұсыныс қолдау таппайды", - делінген үкімет басшысының жауабында.

Мамин банктер қарыз қаражатын пайдаланып несие беретінін атап өтті. Банктерді қорландырудың негізгі көзі - депозиттер, олардың банк секторы міндеттемелерінің құрылымындағы үлесі – 78%.

Ол 2019 жылы өмірлік қиын жағдайға тап болған қарыз алушыларға президенттің тапсырмасы бойынша "кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша берешекті 300 мың теңгеге дейін өтеу түрінде бұрын-соңды болмаған әлеуметтік көмек көрсетілгенін"еске салды.

"578 мың азаматтың 120 миллиард теңге несие бойынша берешегі есептен шығарылды. Азаматтардың 52% берешегі толық көлемде өтелді. Барлық кепілсіз тұтынушылық қарыздар бойынша қосымша 33,6 миллиард теңгеге 1,2 миллион азаматтың айыппұлдары есептен шығарылды", - деп қосты Мамин.

Бұған дейін "Халық коммунистері" фракциясының депутаттары Қазақстанда "шектеу шараларына дейін салықты дұрыс төлеген, жұмыс орындарын құрған, бірақ төтенше жағдайды, карантинді және локдаунды енгізу нәтижесінде кредиттер бойынша қиын жағдайға тап болған"жеке және заңды тұлғалар үшін кең ауқымды кредиттік рақымшылық жасауды ұсынған еді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр