Қазақстандықтарға басқа қалаларға жеке көліктерімен жолға шығуға рұқсат етіледі
Көлік бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сәдуақас Байғабылов қазақстандықтарға жеке көліктерімен басқа қалаларға баруға рұқсат етіледі деп мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Өткізу пункттері маусымның басынан бастап алынып тасталады. Сәйкесінше, облыстар мен облыс орталықтары арасындағы автомобиль қатынасы қалпына келтіріледі, бұл тұрғындарға теміржол немесе автобус қызметтерінен басқа, өздеріне тиесілі автокөлік құралдарын пайдалануға мүмкіндік береді", - деді ол Нұр-Сұлтанда өткен брифингте.
Бұған дейін Қазақстанда 1 маусымнан бастап блок-бекеттер алынып тасталатыны жарияланған болатын.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"