Қазақстандықтарға 42500 теңге жәрдемақы алуға тағы бір мүмкіндік берілді

Еңбек министрлігінде 42500 теңге жәрдемақы ала алмағандарға тағы бір мүмкіндік берілді, деп хабарлайды Stan.kz басқарманың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұқтаж 10 отбасының жәрдемақысын өзі алып отырған: Шенеунік атаулы әлеуметтік көмектің 1,6 млн теңгесін ұрлады

Хабарламада айтылғандай, жәрдемақы ала алмағандар аудандық және қалалық штабқа қайта жүгіне алады. Сізде өзіңізбен бірге төтенше жағдай кезінде енгізілген шектеулерге байланысты кірісті жоғалту фактісін растайтын құжаттарыңыз болуы керек.

Біз, мәселен, екі немесе одан да көп жұмыс орнында жұмыс істеген және өтініште тек бір жұмыс орнында табысынын айырылғанын көрсеткен, бірақ іс жүзінде барлық кірісін жоғалтқандар туралы айтып отырмыз.

Қолданыстағы ережелерге сәйкес азаматтардың келесі санаттарына 42 500 теңге төлем тағайындалады:

- жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта кәсіпорындардың қызметкерлері жалақысыз демалысқа кетсе;

- карантин енгізілген елді мекендерде жұмыс істейтін ірі кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері ақы төленбейтін демалысқа шықса;

- коммерциялық емес заңды тұлғалардың қызметкерлері мемлекеттік төлемдерден басқа ақысыз демалысқа кетсе;

- жеке практикамен айналысатын адамдар (нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор);

- Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 774-бабына сәйкес БЖТ төлеушісі саналатын жеке тұлғаларға;

- нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтер көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы (бұдан әрі – АҚС) шарттар бойынша табыс табатын, салық агенттері олар үшін міндетті зейнетақы жарналарын аударған адамдар.

1) және 2) тармақшалардың жарғылық капиталында акциялар мен қатысу үлесі тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, екінші деңгейлі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізетін ұйымдардың қызметкерлеріне қатысы жоқ.



Бұл нақтылау жоғарыда аталған ұйымдардың төтенше жағдай кезінде қызметін жүзеге асырғанына негізделген.

Қағидалардың бұдан бұрын қолданыста болған нормалары бойынша Төтенше жағдай кезінде табыстан айырылуға байланысты МӘСҚ-тан төлем тағайындалмайтын санаттар өзгеріссіз қалды. Оларға:

- Төтенше жағдай енгізілген уақытқа дейін 12 ай ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ адамдар, ал БЖТ төлеушілер үшін – өтініш бергенге дейін;

- Төтенше жағдай енгізілген уақытқа дейін 12 ай ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысуының бір де бір ай өтілі жоқ АҚС шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар;

- кәсіпкерлік қызметті қоса алғанда, екі немесе одан да көп жұмысты қоса атқаратын, еңбек немесе кәсіпкерлік қызметті (оның ішінде қашықтан) жалғастырған немесе ақылы еңбек демалысы берілген немесе жұмыс орындарының бірінде тоқтап тұру болған адамдар;

- Төтенше жағдай енгізілгеннен кейін БЖТ алғаш рет төлеген, сондай-ақ бір мезгілде республикалық бюджеттен төленетін ай сайынғы зейнетақы төлемдері мен мемлекеттік жәрдемақыларды немесе қордан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар болып табылатын тұлғалар; -

Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуіне байланысты ішкі істер органдарында тіркеуден шығарылған адамдар. Өтініш берушілер ұсынған мәліметтерді ақпараттық жүйелер арқылы тексеру кезінде толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы азаматтар «42 500 теңге» төлеміне өтініш бергені анықталып, әлеуметтік төлем төленбейтін азаматтардың санаты келесі азаматтармен толықтырылды:

- толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі адамдар.

Атап өтерлік жайт, «42 500 теңге» әлеуметтік төлемін тағайындауға 2020 жылғы 11 мамыр күні сағат 18:00-ге дейін келіп түскен өтінімдер белгіленген тәртіппен қаралатын болады және Қағидаларда көрсетілген шарттарға сәйкес келген жағдайда, әлеуметтік төлем тағайындалады және төленеді.

Талқылау
Пікір
Dameli
24 Мам, 20 жыл - 00:36

Сəлеметсіздерме? Не үшін екінші мəрте 42500 ала алмадым.Есп Ай сайын уакытымен төлеп отырмын.Алі жұмысқа қосылған жоқпын.

19 Мам, 20 жыл - 09:37

Меның балама ,сиңлиме бириншиси 42500 берилмеди отказ кеди , екуниде, баламада сиңлимеде мен ЕСП сина ақша бердим, оздери ақша мухтаж , отыныш комектесин не истеу керек

550518
18 Мам, 20 жыл - 20:25

Менің ұлым студент,ақылы ЖОО оқиды. Бірінші рет 42500 төленді. Екінші рет төленбеді. Неге? Осыған жауап берсеңіздер. Оқу ақысын бұл ақшаға төлер едім

ИП Svetlana-couture
18 Мам, 20 жыл - 00:30

Менде акысыз демалыска шыкканга байланысты ала алмай отырмын ,басын 1414смс келди сизге тагайындалды деп енди статус карганмын ол жерде жок болып тур артынша смс келди 42500 отказ деп ештене тусинбедим ,сабырмен кутип отырмыз 

kenzhebek_h
17 Мам, 20 жыл - 13:45

Саламатсыз ба. 42500 төлем біріншісін 26.04.20 алдым. Маған енді екінші төлем түсе ма?

kenzhebek_h
17 Мам, 20 жыл - 13:42

Сәлеметсіз бе мен 42 500 төлемге 28.04.20 күні біріншісін алдым. Маған енді екінші төлем түсеме? 

Хосият
16 Мам, 20 жыл - 01:29

Саламатсызба! Маған 2шы рет 42500 тг неге түспей жатыр, себебін білейін деп едім. 

Мика
15 Мам, 20 жыл - 11:16

 Саламатсызба маган 42500 туспеди басында анкета толтырганда бурынгы жумысымнын Бин жазганмын ол жерде уже 1 жыл болдыго жумыс жасамаймын фирманын Учредитель ауысып бизди жумыстан босатты. 1414 смс келип тур вам отказ деп Дурыстап тексерсе 

Гулнур
15 Мам, 20 жыл - 11:09

Менин кишкентайым11айлык,5балам бар,мен сатушы болып жумыс жасадым есп толедим,бирак отказ келди несебепти мен жумысымнан айырылдымгой

Кырмызы
15 Мам, 20 жыл - 00:06

Сәлеметсіз бе! Қандай органға бару керек?

973036
14 Мам, 20 жыл - 22:55

Бары жақсы болады өзіме еш нәрсе де шыққан жоқ 

Нуратдинова Улбосин
14 Мам, 20 жыл - 19:28

Саламатсизба мен42500ге 15 апреля де отиниш жибердим25кун отказ келд себеби мен Есп толемеппин енди26тисинда толедим енди тусема ответ кутем

Арман
14 Мам, 20 жыл - 15:37

Сәлеметсіз ба. Маган екіншісі неге түспей жатыр себебин билейин деп едим??? 

Нұрсұлтан
14 Мам, 20 жыл - 08:22

Маған екінші рет 42500 түспей жатыр осының себебін қалай білуіме болады. Операторлар жауап бермей жатыр

13 Мам, 20 жыл - 23:19

Саламатсыз ба. 42500 төлемге 12.04.20 ж өтініш беріп, біріншісін 11.05.20 алдым. Маған енді екінші төлем түсе ма?

Алтынай
13 Мам, 20 жыл - 19:12

Салеметсиздерме мамама 42500тг тагаиындалды бир рет ие алмадык чоты кате деп тур енди 1414собщениеде келмеди озим чот ты жбердим 1414ке али жок казпочтадан алатын едим ответ каитарыныздар отиниш

Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр