Гавайи аралдарында тыйым салынған жанартау аумағына кірген үш қазақстандық ұсталды
ҚР Жер және табиғи ресурстар басқармасының баспасөз қызметі Гавайи аралында жақында оянған Мауна Лоа жанартауының жабық аумағына кірген үш қазақстандықтың ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі hawaiidlnr инстаграм парақшасына сілтеме жасап.

Үш азаматты жергілікті тәртіп сақшылары Мауна-Лоа орман қорығының жабық аймағынан байқаған. Бұл аймақ қауіпсіздік мақсатында жақында Мауна Лоаның атқылауынан кейін жабылған.
"Лава ағынының жабық және белсенді аймағында жүріп бара жатқан үш адамды полиция байқады. Гавайи полициясының қызметкері олар көлігіне қайтып келген кезде байланысқан. Оқиға орнында полиция қызметкері олардың жабық аймаққа кіргенін анықтады", - делінген хабарламада.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған