Қазақстандықтар Жаңа жыл мен Рождество мейрамында қанша күн демалады
Жаңа жыл мен Рождество мейрамында қазақстандықтар қалай демалатыны белгілі болды.

Ресми түрде Жаңа жыл 2021 жылдың 1 және 2 қаңтарына тура келеді. 2 қаңтар сенбіге сәйкес келетіндіктен, демалыс 4 қаңтарға, яғни дүйсенбіге ауыстырылды.
Осылайша, бес күндік жұмыс аптасы бойынша қазақстандықтар 1, 2, 3, 4 қаңтарда, ал алты күндік жұмыс аптасымен жұмыс істейтіндер - 1, 2, 3 қаңтарда демалады.
31 желтоқсан - бұл ресми жұмыс күні, егер сіз демалғыңыз келсе, онда бұл туралы жұмыс берушімен алдын ала келісу керек екендігі атап өтілген.
Келесі демалыс күндері бейсенбі - 7 қаңтарға сәйкес келеді. Бұл күні қазақстандықтар Рождествоны атап өтеді.
Толық жұмыс күні 11 қаңтарда, дүйсенбіде басталады.
Осылайша, қазақстандықтар қаңтарда бес күндік жұмыс кестесі бойынша 13 күндік, ал 6 күндік кесте бойынша 8 күндік демалыс алады.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған