Қазақстанда 2021 жылы мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы көтеріледі
Қазақстанда 2021 жылы мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысы көтеріледі. Бұл туралы қаржы министрі Ерлан Жамаубаев үкімет отырысы барысында мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қаржы министрінің сөзінше, мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2021 жылы мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақыларын өсіру үшін мемлекет арнайы қаражат бөлетін болады.
"Мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақыларын көтеру жолымен, олардың мәртебесін арттыру жөніндегі мемелекет басшысының тапсырмаларын жүрзеге асыру бойынша, барлық шаралар жоспарланған. Экономиканың нақты секторын қолдауға 2021 жылы 1,7 трлн теңге көзделген. Осы қаражат шеңберінде "Нұрлы жол", "Нұрлы жер", "Индустриялық инновациялық даму" мен "Бизнестің жол картасы" бағдарламалары жүзеге асырылатын болады", - дейді министр.
Қазақстанда 2021 жылға арналған АЕК, ең төменгі зейнетақы мен жалақы мөлшері жоспарланды
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"