Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады

6 шілде Астана күні мемлекеттік мерекесі сенбіге сәйкес келіп тұр, сол себепті демалыс күндері дүйсенбіге ауысады. Осылайша шілде айында қазақстандықтар 9 күн демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Alexander Chaikin Shutterstock.com

Биыл Астана күні - 6 шілде сенбіге түсіп тұр. Сондықтан 6 шілде күнгі демалыс дүйсенбі, 8 шілдеге ауысады. Қазақстандықтар үшін 6, 7, 8 шілде күндері демалыс болады.

Сонымен қатар 13, 14 шілде, 20, 21 шілде, 27, 28 шілдеде, яғни сенбі-жексенбі күндері қазақстандықтар әдеттегідей демалады.

Сондай-ақ осы айда кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс күндеріне қарамастан, бұл күндер атап өтіледі. 

2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні

7 шілде (шілденің бірінші жексенбісі) – Ұлттық домбыра күні

9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күні

13 шілде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні

14 шілде – нотариат күні

14 шілде (шілденің екінші жексенбісі) – балық шаруашылығы қызметкерлері күні

21 шілде (шілденің үшінші жексенбісі)  – Металлург күні

28 шілде (шілденің төртінші жексенбісі)  –  сауда қызметкерлері күні

Талқылау