Қазақстандықтар мобильді интернеттің нашарлағанын айтып, дабыл қақты
Фото: Ru.freepik.com
Қазақстандықтар мобильді интернеттің істемей жатқанын айтып, шағымданды. Әлеуметтік желі қолданушыларының айтуынша, ақау негізгі байланыс операторларынан шыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Шағымдардың басым бөлігі алматылықтардан түсіп жатыр. Абоненттердің айтуынша, интернет таңнан бері істемей тұр. Kcell/Activ компаниясының call-орталығы ақаулардың “операторға байланысты емес” деп түсіндірді.

“Қазір бізге қатысы жоқ жағдайларға байланысты интернет ресурстарға қолжетімдік шектеліп отырғаны туралы ақпарат түсті”, – деді call-орталық қызметкері.
Оның сөзінше, мәселе телефондардың нақты бір моделіне немесе оператордың техникалық ақауына қатысы жоқ. Сондықтан қолданушыларды мобильді интернеттің қалпына келуін күтуге шақырды.
"Балам мектепте жалғыз қалды..." Жер сілкінісі кезінде жұмыстағы ата-ана қалай әрекет етуі тиіс
Білім беру ұйымдарында жер сілкінісі кезіндегі әрекет алгоритмі қатаң қарастырылған
Қазақстандық Ресейге жұмысқа кеткен інісінің Украинадағы соғысқа күштеп жіберілгенін айтып, көмек сұрады
Айнабек: "2-3 күнде алып кетпесеңіздер соғысқа аттандыру басталып кетті"