Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар микроқарыз беру ережелерін қатаңдатуды сұрады

Алматы тұрғыны Ғалия Төлегенова парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулиннен онлайн-қарыз беру ережелерін қатаңдатуды сұрады. Ол шағын несие ұйымдары клиенттердің төлем қабілетіне көз жеткізбестен ақша таратады деп мәлімдеді. Осылайша, жұмыссыздар, студенттер және тіпті мүгедектер қарызға батады, ал несие бойынша пайыздық мөлшерлеме өседі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеп.

Шағын несиелердің қол жетімдігі Ғалия Төлегенованың отбасында қайғылы жағдайға әкелді. Әйелдің 19 жастағы студент ұлы үйде онлайн-оқуда отырып, екі жыл ішінде барлық қолданыстағы микрокредиттік ұйымдарда онлайн-кредиттер ресімдепті. Жігіттің қарызы екі миллион теңгеден асады. Ақшаны бәс ойындары мен есірткіге жұмсаған.

“Мен парламенттен, Нығматулин мырзадан, олар маған не деп жауап береді деп күтемін. Осы онлайн несиелерді тоқтата тұру туралы заң қабылдана ма? Себебі бұл бүкіл елдің болашағын бұзады. Олар үшін пайдалы, жұмыс істемейтін балалар ыңғайлы, көп оқымайды, қосымша ақша табады, бір жерде әйтеуір бір нәрсе істейді. Барлық ақшасын онлайн несиелерге салады. Осы несиелердің артында тұрғандар өздерін осылай байытады”, –деді Алматы қаласының тұрғыны Ғалия Төлегенова.



Адвокат Жангелді Сүлейманов Қазақстан үшін нағыз апатқа айналған бұл мәселені ешбір сот немесе адвокат шеше алмайды деп есептейді. Негізінен, шағын несие ұйымдарының қызметтерін аз қамтылған немесе тәуелді адамдар пайдаланады. Қорғайтын немесе қандай да бір шаралар қабылдайтын жалғыз орын – бұл мемлекет уәкілеттік берген орган, яғни қаржы нарығын реттеу агенттігі.

“Дәл осы агенттік азаматтардың құқықтарын сақтауға, осы құқықтарды қорғауға міндетті. Қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау. Дәл осы агенттік заң бұзушылыққа жол бермейтін заңнамалық актілерді әзірлеуі тиіс. Тіпті бұзу мүмкіндігіне жол бермеуі керек”, – деді заңгер Жангелді Сүлейманов.

Қаржы нарығын реттеу агенттігінің хабарлауынша, 2020 жылдан бастап барлық микроқаржы ұйымдары банктер сияқты есепте тұр және лицензияны жоғалтпау үшін белгіленген ережелер бойынша жұмыс істеуі керек. Пайыздарға пайыздар есептемеуі, шынайы мөлшерлемені ашуы, борыштық жүктемені есептеу және табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға қарыз бермеуі (34 мың теңгеден кем) тиіс.

Бірақ іс жүзінде бәрі әлдеқайда басқаша. 

Галя Төлегенованың айтуынша, ұлының қарызын бүкіл отбасы төлеуге мәжбүр болған. Ол баласын уақытында тоқтата алғанына қуанышты.

Талқылау