Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады
Ел тұрғындары маусым айында Құрбан айтты тойлайды. Құрбан айтты тойлау күнін еңбек министрлігі Қазақстан мұсылмандары діни басқармасымен бірлесіп бекітіп, демалыс күні деп жария етті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: oskolnews.ru
2024 жылы Құрбан айт 17 маусым, дүйсенбіге сәйкес келеді. Осылайша қазақстандықтар Құрбан айтта 3 күн демалады: 15, 16 және 17 маусым.
Осылайша маусымда бес күн жұмыс істейтіндер 11 күн демалады:
1, 2, 8, 9, 15, 16, 17, 22, 23, 29, 30 маусым.
Алты күн жұмыс істейтіндер 6 күн демалады:
2, 9, 16, 17, 23, 30 маусым.
Айта кетейік, мұсылмандардың айтулы мерекелерінің бірі Құрбан айт Ораза аяқталғаннан кейін 70-күні келеді. Ай күнтізбесі бойынша есептеулер жыл сайын шамамен 10 күндік айырмашылықпен өзгереді.
Араб тілінен аударғанда мерекенің атауы “Құрбан мейрамы” дегенді білдіреді.
Бұл күні мұсылмандар малдың бірін, яғни қой, сиыр, қошқар немесе түйені құрбандыққа шалады.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған