Қазақстандықтар коммуналдық қызметтер үшін 17 млрд қарыз
Қазақстандықтар коммуналдық қызметтер үшін 17 млрд қарыз. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Коммуналдық қызметтер үшін қарыздардың өсуіне назар аударған жөн. Бүгінгі таңда тұтынушылардың дебиторлық қарызы 17 миллиард теңгені құрайды. Тек биылдың өзінде қарыз 3,4 миллиард теңгеге өсті. Қарыздың өсуі бес аймақта байқалуда", - деді Атамқұлов үкімет отырысында.
Министр қарыздың уақытылы қызмет көрсетілуге әсер ететіндігін айтты.
Алматы - 4,5 млрд теңге, Шымкент - 2,5 млрд, Нұр-Сұлтан - 1,95 млрд теңге, Қызылорда облысы - 1,5 млрд, Маңғыстау облысы - 1,44 млрд теңге қарыз.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"