Қазақстандықтардың қай айда шаңырақ көтеруді жөн көретіні белгілі болды
Той дегенде қазақ халқының ішкен асын жерге қоятыны сөзсіз. Тіпті, несие алса да, әр баласының бұл қуанышын ерекше атап өткісі келеді. Соңғы үш жылда қазақстандықтардың жаз айында көбірек шаңырақ көтеретіні белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz тілшісі.

2019 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша, Қазақстанда бәрінен көп шілде айында шаңырақ көтергені белгілі болды – 14 845 неке. Бұдан кейін тамыз айында - 14 746 және маусымда 11 366 жұп ақ некесін заңдастырған. Ал ең аз ақпан айында 8672 жұп шаңырақ көтерген. 2019 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша 89 146 жұп шаңырақ көтерген.
2018 жылы ең көп тамыз айында 15 918 жұп некелескен. Шілде айында – 14 605, ал қазан айында - 13 591 жұп. Керісінше ең аз қаңтар айында 8 895 жұп некесін қидырған.
Естеріңізге сала кетсек, Саят Ыбырайдың әбжад клубында 100 шақты қыз-жігіт бір-біріне үйленген болатын.
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі 8 ай өткен соң қайта шаңырақ көтерді
Желі қолданушылардың бірі Зейнел Әділеттің жаңа әйелі марқұмның жақын араласқан құрбысы екенін айтады
"300 мың теңге артық шығарған": Fortebank өз автокассасының кінәсінен қазақстандықтың шотын бұғаттап тастады
Желі қолданушысы банк қателігінен болған жайт үшін неге қиналуы керек екеніне шамданды