Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстандықтар енді Вьетнамға визасыз бара алады

Қазақстан мен Вьетнам визасыз келісімге қол қойды. Енді азаматтарымыз Вьетнамда 30 күн визасыз жүре алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: sportishka.com

Ақпаратты 4 мамырда вьетнамдық бағытта жұмыс істейтін бірнеше туроператорлар таратты.

"Заң 2024 жылдың 25 мамырында күшіне енеді", - делінген travelpress.kz сайтында.

Олардың хабарлауынша, қазақстандықтар Вьетнамға визасыз кіруге, шығуға, ол арқылы жүруге немесе тұруға мүмкіндік алады.



Азаматтың төлқұжаты кемінде алты ай жарамды болуы керек.

Дәл осындай ережелер Қазақстанға келгісі келетін Вьетнам азаматтарына да қатысты.Елде жүру мерзімі шекарадан өткен сәттен бастап күнтізбелік 30 күннен аспауы керек. Сіз әр 180 күн ішінде барлығы 90 күн бола аласыз. Қазақстандықтар Вьетнамда 30 күннен артық болғысы келсе, виза алу керек.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандықтар Таиландта 30 күнге дейін визасыз жүре алатыны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау