Қазақстандықтар биліктің төтенше жағдай кезіндегі жұмысына көңілі толмайды – Әлеуметтанушылар жауап берді
Әлеуметтанушылар қазақстандықтардың тек үштен бір ғана мемлекеттің төтенше жағдай кезіндегі жұмысына қанағаттанады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
Demoscope бюросының әлеуметтанушылары қазақстандықтарға елдің төтенше жағдайға дайындығы тақырыбында сауалнама жүргізді.
Мониторингтік бюроның пікірінше, сауалнамаға қатысқандардың 40%-ға жуығы мемлекеттік органдардың бұл жұмысын сынға алды. Респонденттердің үштен бірі бұл жұмыстың деңгейі қанағаттанарлық деп санаса, ал 19% бұл жұмысқа риза екенін айтқан.
"Төтенше жағдай кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша халықтың хабардарлығын арттыру және оқу-жаттығуларды тұрақты өткізу – 52,5% құрап отыр. Қазақстандықтар сыбайлас жемқорлық пен немқұрайлылық үшін жауапкершілікті арттыруды да өзекті деп санайды (47,6%)", – деп түсіндірді зерттеушілер.
Респонденттердің 9%-ы төтенше жағдай туралы ескерту жүйесін өте тиімді деп санаған. Ал 26%-ы оның қол жетімді екенін және 29%-ы жүйенің тиімсіз екенін атап өткен.
“Сауалнама барысында тұрғындар қазіргі заманауи байланыс құрылғыларын құру (35,2%), арнайы қызметтерді дайындау және халықты жинау орындарын жабдықтау (29,6%), инфрақұрылымдық, әлеуметтік және тұрғын үй объектілеріне мемлекеттік мониторингті күшейту (26,8%) қажеттігін атап өтті", – делінген бюро хабарламасында.