Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джерутоның әлем чемпионатындағы жеңісі үшін қанша сыйақы алатыны белгілі болды
Жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстанға алтын медаль алып келген Нора Джерутоның қанша сыйақы алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нора Джеруто 3 000 метр қашықтықты кедергілерді еңсере отырып жүгіріп өткен. АҚШ-та өткен әлем біріншілігінде ол бұл қашықтықты 8:53,02 минутта жүгіріп өтіп, чемпионаттағы рекордты жаңартты.
Орегонадағы жеке жарыстардың жеңімпаздары 70 мың доллар көлемінде сыйақы алады. Ал күміс және қола иегерлері 35 және 22 мың доллар алады.
Сонымен қатар 4-8-орын алған спортшылар 16, 11, 7, 6 және 5 мың доллар алады.
Айта кетейік, бұған дейін Нора Джерута әлем чемпионатындағы жеңісіне қатысты пікір білдірген еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"

