"Бұл оңай болған жоқ": Қазақстандық жеңіл атлет әлем чемпионатындағы жеңісіне қатысты пікір білдірді
Қазақстанға жеңіл атлетикадан әлем чемпионатында алтын алып келген спортшы Нора Джеруто жеңісіне қатысты пікір білдірді. Сөзінше, жарыс барысында ол Эфиопиялық әріптестерінен қорыққан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Worldathletics басылымына сілтеме жасап.

"Басталмас бұрын мен Эфиопиялық әріптестерімнен қорықтым. Себебі олар да мен секілді чемпиондар, сондықтан сескендім. Жеңу үшін бар күшімді салдым, бұл оңай болған жоқ", – дейді Нора Джеруто.
Сонымен қатар спортшы ата-анасы мен әпкесі Дэйзиге, жаттықтырушылары мен менеджерлерге қолдау үшін алғыс айтты.
"Ол бұл қашықтық бойынша финалға шыға алмады. Бірақ келесі чемпион болатынын айтқым келеді", – деді Джеруто әпкесі жайлы.
Айта кетейік, Қазақстан атынан әлем чемпионатына қатысқан кениялық атлет Нора Джеруто 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден чемпион атанған еді.
Қазақстандық ер адам үйлену тойының орнына екі әпкесіне үй, қарындасына көлік сыйлады (видео)
Астанада тұратын үлкен әпкесіне екі бөлмелі пәтер, екінші әпкесіне Ақтөбеден үй сыйлады
Қазақстанда кінәсіз сотталып, кейін ақталған жағдайда не болады: Заңгер мұндай кезде кімнің жауапқа тартылатынын түсіндірді
Заңсыз қамауда болған қазақстандықтар мемлекеттен өтемақы талап ете алады

