Қазақстандық жасөспірім Еуропаның үздік ракеткасы атанды
Қазақстандық теннисші Заңғар Нұрланұлы Францияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды. Шешуші матчта отандасымыз Тимео Труфеллиді жеңді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алғашқы сетте 7:5 есебімен жеңілгеніне қарамастан Заңғар қарсыласын екінші және үшінші партияда 6:1 есебімен жеңді. Қазақстандық жасөспірім үшін бұл Tennis Europe сериясындағы төртінші олжасы.
Александр Бублик мансабында алғаш рет АТР турнирінде жеңіске жетті
Қазақстан теннис федерациясының ақпаратына сүйенсек, бұл жеңістен кейін Заңғар 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында Еуропаның үздік теннисшісі атанады.
"Бұл менің өмірімдегі ең үлкен ойын болды, себебі бар зейінімді ойынға қойдым. Керемет сезім!", - деді теннисші Заңғар Нұрланұлы.
Айта кетейік, отандсымыз Аружан Сағандықова теннистен рекорд жаңартқан еді. Отандасымыз қазақстандықтар арасында "Үлкен дулыға" турнирінің үшінші айналымына өткен.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”