Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Александр Бублик мансабында алғаш рет АТР турнирінде жеңіске жетті

 Қазақстандық теннисші Александр Бублик ATP-250 санатындағы турнирде әлемнің үшінші ракеткасы Александр Зверевпен кездесіп, оны екі сетте 6:4, 6:3 есебімен ұтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Францияның Монпелье қаласында өткен турнирде жеңіске жетті. Жүлде қоры жарты миллион еуроға жуық, Францияның беделді Open Sud de France турнирінің шешуші матчында Александр Бублик Германиядан келген Александр Зверевпен кездесті. Қазақстандық теннисшінің қарсыласы бұл жарыста бірінші нөмірмен тіркелген. Сонымен қатар ол әлемнің үшінші ракеткасы. 

Кездесу 1 сағат 16 минутқа созылды. 

Монпельедегі (Франция) турнирде Бублик бірнеше мықты қарсыласын, соның ішінде жарыстың екінші ракеткасы, ATP рейтингінде 19-шы орында тұрған испаниялық Роберто Баутиста Агутты жеңді.

Бұл қазақстандық теннисшінің мансабындағы ATP 250 сериясындағы жарыста иеленген ең ірі жеңісі. Бұған дейін ол төрт рет финалда жеңіліп қалған. Осы жарыстан кейін Александр Бублик әлемнің 31-ракеткасы атанады. Бұл еліміздің бірінші ракеткасы үшін рекордтық көрсеткіш.

Талқылау