Қазақстандық жас семсершілер әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды
Семсерлесуден Қазақстан құрамасы жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: olimp.kz
Швейцарияда өтіп жатқан байрақты бәсекеде Богдан Лукин, Алексей Касаткин, Кирилл Проходов бастаған семсершілеріміз әлем чемпионатының финалына шығып, күмісті місе тұтты.
Отандастарымыз жартылай финалда америкалықтардан басым түскенімен, алтын жүлде үшін сында Венгрия құрамасына есе жіберді.
Айта кетейік, Богдан Лукин мен Алексей Касаткин бір ай бұрын Бахрейнде өткен Әлем кубогінде де күміс медаль иеленген еді.
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"
"Туған күнімді үкімет жасап береді": Наурызды ерекше атап өтетін қазақстандықтар қызық оқиғаларын бөлісті
Наурыз: “Есімім Наурыз, 22 наурыз туған күнім”