Қазақстандық жас ауыр атлет әлем рекордын жаңартты
Қазақстандық жас ауыр атлет Ақжол Құрманбек әлем рекордын жаңарта отырып, ауыр атлетикадан Дохада өтіп жатқан Азия чемпионатында топ жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Ақжол Құрманбек Қатардың Доха қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Ақжол 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсылас шақ келтірмеді. Екі сайыстың жалпы қорытындысы бойынша Ақжол 316 (141+175) келі салмақты көтерді. Айта кету керек, ол серпе көтеруде және жалпы нәтиже бойынша әлем рекордын жаңартты.
Екінші орынды өзбекстандық Бобурмирзо Ёкубов иеленді – 300 (136+164) келі. Ал үшінші орын Түрікменстан спортшысы Дидарбек Жұмабаевқа бұйырды – 298 (127+171) келі.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"

