Қазақстандық велошабандоз Италияда өткен "Коппа Агостони" жарысында жеңіске жетті
Қазақстандық велошабандоз Алексей Луценко Италияда өткен бір күндік "Коппа Агостони" жарысында жеңіске жетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстандық велокоманда көшбасшысы Алексей Луценко Агостони Кубогының бір күндік жарысының жеңімпазы болды", – делінген хабарламада.
Италияда өткізілген бір күндік шарада Астана өз құрамасын ұсынды. Тізімде Мануэле Боаро (Италия), Самуэле Баттителла (Италия), Фабио Феллине (Италия), Алексей Луценко (Қазақстан), Родриго Контрерас (Колумбия) және Маттео Собреро (Италия) бар.
"Луценко күшті финалдық шабуылмен жарысты жеңіп алды", – деп атап өтті ҰОК.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған