Еріктілерге салынатын қазақстандық вакцинаны клиникалық зерттеу басталды

Қазақстанда QazCovid-in коронавирусына қарсы вакцинаның клиникалық зерттеулері басталғанын білім және ғылым министрлігі мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

вакцина

"Білім министрлігі ғылым комитетінің биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институтында әзірленген QazCovid-in вакцинасын коронавирустық инфекцияға қарсы клиникалық зерттеу басталды", - делінген ведомство хабарламасында.

Қазақстан вакцинасын клиникалық зерттеудің бірінші және екінші фазаларын жүргізуге рұқсатты денсаулық сақтау министрлігі құжаттарды мұқият тексергеннен кейін берді.

Вакцинаны клиникалық зерттеуге 18-50 жас аралығындағы ересек еріктілер қатысады. Вакцинаның қауіпсіздігін анықтайтын зерттеудің бірінші кезеңіне коронавируспен ауырмаған, антиденелері жоқ 44 ерікті қатысады.

Иммуногенділікті зерттеуге бағытталған екінші кезеңде 200 ерікті қатысады деп жоспарланып отыр.


"Бірінші және екінші кезең аясында еріктілерді вакцинациялау жүргізіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұған рұқсат берді. Тек 244 адам ерікті бола алатынына қарамастан, БҚПҒЗИ-ға қысқа мерзім ішінде клиникалық зерттеулерге қатысуға ниет білдірушілерден көптеген өтініштер келіп түсті", - деді білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов.

Дәуленов хабарландыру шыққаннан кейін бірнеше күн өткен соң өтінімдерді қабылдауды тоқтатуға мәжбүр болғанын түсіндірді. Ол барлығына сенім білдіргені үшін алғыс айтты. Ғылыми-зерттеу институтына Қазақстанның барлық өңірлерінен клиникалық зерттеулерге қатысуға ниет білдірген азаматтардан барлығы 688 өтініш келіп түсті. Олар скринингтен өтеді, содан кейін вакцинация үшін еріктілер тобы құрылады.

Клиникалық зерттеулер Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығында және GCP стандарты бойынша сертификатталған базада – "Сentre for Clinical Medicine and research" ЖШС-де өтеді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр