Қазақстандық теннисшілер әлем кубогінің іріктеу кезеңіне шықты
Теннистен Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңіне жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Астанада өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогі аясында Қазақстан және Оңтүстік Корея арасындағы плей-офф матчында есеп 3:0-ге тең болды. Сайыстың екінші күні кортқа Елена Рыбакинаның орнына әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева шығып, дүниежүзілік рейтингіде 418-орында тұрған Ку Ен Вуды 6:4, 7:5 есебімен тізе бүктірді.
Осылайша, Қазақстан құрамасы қалған ойындардың нәтижесіне қарамастан, алдағы жылы сәуірде өтетін Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне жолдама алды.
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар

