Қазақстандық теннисші Үндістандағы турнирдің жартылай финалына шықты
Жібек Құламбаева Үндістанда өтіп жатқан турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Жібек Құламбаева теннистен Үндістанның Солапур қаласында өтіп жатқан турнирдің ширек финалында жеңіске жетті. Жартылай финалға шығу үшін ол латвиялық Диана Марцинкевичпен кездесті. Құламбаева сенімді түрде 6:0, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Енді 1/2 финалда қазақстандық теннисші Буньвяви Тамчайватқа қарсы ойнайды.
Айта кетейік, бұған дейін Жібек Құламбаева Португалиядағы ITF W35 турнирінің жеңімпазы атанған еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар

