Қазақстандық теннисші Анна Данилина Мексикадағы турнирде финалға шықты
Қазақстандық Анна Данилина Гвадалахарада (Мексика) өткен турнирде әйелдер арасындағы жұптық сында финалға шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жартылай финалдық кездесуде ол бразилиялық Беатриз Хаддад Майямен бірге әйелдер жұптарының көшбасшылары – чех дуэті Барбора Крейчикова / Катерина Синякованы – 6:2, 5:7, 10:7 есебімен ұтты. WTA жұптық рейтингінде Данилина 19-орынға табан тіреді.
Осы жеңісінің арқасында Данилина 31 қазан мен 7 қараша аралығында АҚШ-тың Техас штатындағы Форт-Уэрт қаласында өтетін соңғы WTA турнирінде өнер көрсетеді. Ол мұндай жетістікке қол жеткізген тарихтағы екінші қазақ әйелі. Бұған дейін Ярослава Шведова финалдық турнирге жолдама алған болатын.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан

