Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарапайым халық танымал қазақстандықтардан кімді құрмет тұтады?

Халқымыз қазақстандық танымал азаматтардан кімді құрмет тұтады және не үшін? Stan.kz тілшісі халық арасында сауалнама жүргізіп көрді. 

Алматы қаласының тұрғыны Амина Қаржаубаева еліміздегі танымал азаматтардан Олжас Сүлейменовті құрмет тұтатынын айтады. 

"Ол кісінің өлеңдері маған шабыт сыйлайды. Одан бөлек "Невада-Семей" қозғалысының басшысы болған. Қазіргі таңда көзі тірі, мен көруге асық және сұхбаттасқым келетін адамдардың бірі", -дейді ол. 

Спортпен белсенді түрде айналысатынын айтқан қала тұрғыны Дастан Жұмсақбаев үшін еліміздің туын көкке желбіретіп жүрген азаматтар құрметке лайық. 

"Геннадий Головкин мен Димаш Құдайберген және Қуаныш Шоңбай деген азаматтарды құрметтеймін. Себебі, Димаш Құдайбергенов шет елге қазақтың қара домбырасын танытты. Генадий бокс үшін үлкен үлес қосып, қазақтың атын шығарып жатыр", - дейді ол.

Қасиет Мұхтаров қазіргі танымал адамдарды танымайтынны айтады. Ол тек Нұрсұлтан Назарбаев пен Тоқаевті ғана танитынын және істеп жатқан жұмыстары құрметке лайық екенін жеткізді. 

"Мен үшін құрметке лайық Мұқағали Мақатаев пен Абай Құнанбаев. Мектеп кезінен шығармаларын сүйіп оқыдық. Ал қазіргі атақты адамдарды танымаймын. Тек Назарбаевты ғана танимын. Ол кісі еліміз үшін біраз уақытын бөлді. Сол үшін құрметтеймін. Тоқаев та жақсы жұмыс істеп жатыр. Ол кісі келгелі жемқорлық азайып жатыр", - дейді Қасиет Мұхтаров. 

Өзін студентпін деп таныстырған Құралай Матанова спортшы Сабина Алтынбекованы ерекше құрметтейтінін жеткізді. Оның сөзінше, Алтынбекова қазақ волейбол деңгейін әлемге көрсетіп, ел абыройын асқақтатудағы еңбек ерен.

Сауалнаманың толық нұсқасын Youtube каналымыздан көріңіздер. 

 

 

Дайындаған: Жанна Мәлік, Сәкен Құлман.

Талқылау