Қазақ поэзиясының символы Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны

Stan.kz аты аңызға айналған, қазақ халқының мұзбалақ ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың өмірбаянын ұсынады.

Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны

Мұқағали Мақатаев бүгінде бар қазаққа мәшхүр болған есім. Мұқағали есімі қазақ поэзиясын символы іспеттес. Оның аты жүрегіңде шексіз даланың, адам аспайтын ұлы Хан Тәңірі мен Алатау тауын, ұшар басында жазғы күннің салқын лебі жасынып жататын жуан ағаштар мен табиғаттың шексіздігін, қазақ жерінің сұлулығын суреттейді.

Мұқағали ұлы қазақ жерінің және қазақ халқының сүйіспеншілігіне бөленген ұлы перзенті. Қазақ халқын жарқын талантымен баурап алған Мұқағали Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының қазіргі Райымбек ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Қарасаздың сұлулығы Мұқағалидың ақындық талантының қайнар көзі болды.

Ақынның толық есімі Мұхамметқали. Бірақ, отбасы оны бала кезінен еркелетін Мұқағали деп атап кетті. Себебі, Пайғамбардың атын арқап жүру оңай емес, ал мұндай жауапкершілік жас баланың өмірін қиындатуы мүмкін. Мұқағали жас ата-ана атанған Сүлеймен мен Нағиманның үш баласының тұңғышы болды. Ақынның әкесі кішіпейіл, қарапайым, әрі еңбекқор адам, ол соғыстан бір жыл бұрын колхоз басшысы болды. Бастапқыда Мақатаевтың балалық шағы уайымсыз өтті. Ол туған жері Қарасазға арналған «Туған жер» өлеңінде армансыз өткен балалық шағын еске алып, өткен күнге саяхат жасайды.

Мақатаев балалық шағының бүкіл әлемін сүйді және сол күндерді қатты сағынды. Және оның поэзиясының көптеген суреттерін тудырған дәл сол балалық шақтағы естеліктер болды.Бірақ, соғыс Мұқағалидың өміріндегі барлық нәрсені өзгертті. Әкесі соғысқа кеткенде, ол 10 жаста еді. Ал өмірдің барлық ауыртпалығы балалық шағымен қоштасқысы келмеген жасөспірімнің иығына түседі. Жауынгер ұрпақтың барлық ұлдары сияқты, әйел мен балалар ғана қалған үйде ер адам ретінде қалғанын түсініп, ерте ер жетті.

Мақатаевтың әкесі майданда қайтыс болды. Сол уақыттан бері Мұқағали жай ғана сөніп, жоқ болып кетуге құқығы жоқ екенін түсінді.  Өкінішке орай, қарындасы мен інісі дүниеден ерте кеткен.


Мұқағали Мақатаевтың үздік 9 өлеңі: Оларды жатқа білуге тиіссіз 

Ақынның анасының естеліктеріне сүйенсек, Мұқағалидің әдебиетке деген қызығушылығы 14 жасынан басталған. Ал өлең жазуға жары Лашынға деген махаббаты себеп болды. Ол сыртқы әлемнен және кітаптардан шабыттанды. Мұқағали Абай, Әуезов, Сейфуллин, Мүсіреповты оқыды. Орыс тілін өз еркімен өте жақсы меңгерген ол орыс әдебиетін, әсіресе Пушкин, Есенин, Блоктың поэзиясын оқыды. Шетелдік әдебиеттерден Гейн, Гёте, Дюма, Гюго, Байрон, Драйзер, Стендаль шығармаларына қызығушылық танытты.  Бірақ бәрінен де Бальзак, Лондон және Шекспирді жақсы көрді. Мұқағали жазған естеліктерінің бірінде: «Иә, мен әдебиетті жақсы көремін. Мен үшін одан биік ештеңе жоқ» деп әдебиетті сүйетінін мойындаған болатын.

Қазақ поэзиясының символы Мұқағали Мақатаевтың өмірбаяны

1948 жылы Мақатаев Нарынқолдағы мектеп-интернатты бітірді. Ол бірнеше рет институттарға сәтті түсті. Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне, одан кейін Шет тілдер институтына және тағы да Қазақ мемлекеттік университетіне, бірақ заң факультетіне оқуға түскен. 1973 жылы ол Мәскеудегі Максим Горький атындағы әдебиет институтының студенті болды. Бірақ отбасылық жағдайға байланысты ол бірінші курста оқуды тастап кетті. Мақатаевтың жоғары оқу орындарына еш қиындықсыз түсіп кетуі оның ұлы қабілеттерін және білім алуға, білімге ұмтылысын дәлелдейді. Мүмкін бұл Мұқағалидың жүрегінде мәңгі сақталып қалған әкесінің аманатынан шығар. Ақынның әкесі оған әжесі Тиін мен анасына, іні-қарындасына тіреу болып қана қоймай, сонымен бірге міндетті түрде оқы деп айтып кеткен.

Мақатаев ерте отбасын құрды. Ол 1949 жылдың көктемінде 17 жасында Лашынға үйленді.  Ол кезде Лашын 21 жаста еді. Ақын болашақ әйелі Лашын Әлімжановамен Шибұт ауылында жұмыс істеп жүрген кезде танысты. Ерте отбасылы болған ерлі-зайыптылардың Ләззат, Майгүл, Жұлдыз, Айбар, Алмагүл, Шолпан есімді балалары дүниеге келді. Ауылда тұрып Мұқағали кеңес хатшысы болып жұмыс істеді, содан кейін мектепте орыс тілінен сабақ берді, аудандық газетте тілші болды.

Ақын 1962 жылы отбасымен Алматыға көшіп келеді. Оның өлеңдерін оқыған Әбділда Тәжібаев Мұқағалидан үлкен ақын шығады деп, Алмадыға өзі шақырған. Қалаға көшіп келген ақынның кәсіби қызметі әдебиетпен тығыз байланысты болады. Ол қазақ радиосында диктор, «Социалистік Қазақстан» газетінің журналисі, «Жұлдыз» журналының қызметкері, Жазушылар одағының жастар істері жөніндегі кеңесінің басшысы болды.

Сыртқы жағдайлардың өзгеруіне қарамастан, Мақатаев ең бастысы поэзияға деген махаббатына тұрақты болды. Ол әрқашан өлеңдер жазып, жиі журналдар мен газет беттерінде жариялады. 1962 жылдан бастап, алғашқы кітап шыққан кезден 1976 жылға дейін ақынның сегіз өлеңдер жинағы жарық көрді. Олардың ішінде: «Аққулар ұйықтағанда», «Шуағым менің», «Өмір-дастан», «Жырлайды жүрек» және басқалар бар.

Әдебиет саласында жиырма бес жылдай уақыт жұмыс жасаған Мақатаев 1000-нан аса өлең жазды. Ол «Ильич», «Райыбек! Райыбек!», «Қашқын», «Мавр», сондай-ақ әңгімелер мен повестердің, «Қош бол, махаббат» пьесасы мен заманауи қазақ поэзиясының мәселелері жарық көрген мақалалардың авторы. Поэзияның символы болған Мұқағали Дантенің «Құдыретті комедия» дастанының «Тамұқ» деген бірінші бөлімін аударды. Ол Шекспир, Уитман және шығыс ақындары мен орыстың заманауи жазушыларның шығармаларын қазақ тіліне аударумен айналысты. Оның шығармашылық дарыны көптеген жолдармен көрінді.

Мұқағали Мақатаевтың шығармаларында өмірдің барлық саласы қамтылды. Бүгінде оның туындыларын сүйіп оқымайтын, жақсы көрмейтін адам кемде-кем.

Алғашқы жеке өлеңдер мен поэтикалық кітаптардан Мақатаевтың қайталанбас дауысы анықталды. Таза және айқын, адамның ең терең сезімдері мен толғаныстарын қарапайым тілмен жеткізуі, оның ғажайып поэзиясын қолға алған оқырмандарды таңғалдырады.

Мақатаев махаббат пен достық, поэзия және табиғат туралы жырлады. Бірақ оның шығармалығында ерекше орынды Отан тақырыбы алады. Мақатаев туған жер тақырыбына жазылған өлеңдерінің бірінде «Қарасаздың алтын бесігі» деп аталатын кішкентай әлем арқылы үлкен әлемге есік ашқанын айтады. Мұнда туылған поэзия ер жеткізіп, қанат жаюына көмектескен оның туған жеріне деген зор сүйіспеншілігінің дәлелі болып табылады.

Мақатаев туған жерінің сұлулығына тамсанудан жалықпады. Ол өз күнделіктерде туған жердің табиғатының әсерінің оның жанына қалай әсер еткені туралы жиі жазатын.

Достық пен туыстық даналығы қазаққа ұлы ата-бабаларымыздан қалғаны сөзсіз. Мақатаевтің «Отан» туралы қырық жыл бұрын жазған өлеңі тарихи дамудың жаңа кезеңінде өте заманауи естіледі.

Ақын – әр адам Отан алдында борыштар және оған жүрегінің отын беруге міндетті деп санады. Сондай-ақ,  ол поэзиясының отын Отанға арнады. Жоғары патриотизм  оның өлеңдерінің органикалық қасиеті болды. Мақатаев өлеңдері арқылы өзінің жан-дүниесін тәрбиелеген, шабыттануының қайнар көзі болған Отанды қалай қорғап, қамқорлық көрсету керектігін үйретеді.

Мақатаев қазақ халқына, оның болашағына сенді және оған қажет болуға тырысты. Күнделіктерінде ол: «Менің ойымда бір ғана арман бар. Бұл өз халқыма пайдайлы болу. Бірақ, оған шындықты айтқым келеді. Халқым менің, сендерге даусымды қалай жеткізе аламын?» деген болатын. Ақынның өз халқына бере алатын жалғыз нәрсе – ұлттық дәстүр мен ұлттық сананың тереңдігінде туылған поэзия. Міне, Мұқағали да халқына сондай поэзия сыйлаған ақиық ақын.

Мақатаевтың бақыты- өз халқымен бірге Отанында өмір сүру болды. Бірақ ол бәрінен де халқы мен туған жерінің бақытын жоғары қойды. Ақынның туған жеріне, халқына деген шексіз сүйіспеншілігі кез-келген адамның жанына терең әсер етеді.

1972 жылдың басында Мұқағалидің Алматыға көшіп келгеніне он жыл болды. Осы уақытта ол ата-даңққа ие болады, сонымен бірге ақын ауыр сынақты бастан өткереді. Ақын өмірінде үлкен қайғы орын алды. Сол жылдары оның 11 жастар үлкен қызы Майгүлді мотоцикл қағып кетеді. Содан Мақатаевтардың үлкен отбасы көптеген жылдар бойы жалдамалы пәтерлерде күнелтіп жүреді.

Мұқағали 1969 жылдың қараша айында қолжазбалары бар портфелін жоғалтып, кейін Жазушылар Одағынан шығарылып, жұмыссыз қалады. Жұмыссыз жүргеніне біл жылдай болған ақын өзімен, өзінің әлсіз тұстары мен қорқынышпен, емі жоқ ауруымен күрес жүргізді.
Мақатаевтың күнделіктерін оқи отырып, оқырман оның тек сезімтал және нәзік жанды ұлы ақын ғана болмағанын түсінеді.

1973 жылы 20 наурызда жазылған күнделіктегі жазбада ақынның достары мен жолдастарының ол туралы көптеген жалған мәлімет пен бұрмаланған ақпарат таратқаны баяндалған.Мақатаевтың күнделіктерімен танысқан кезде ақынның жалаңаш жүрегін көргендей секілді күй кешесің.

Күнделікті оқи отырып, ақының қайғы-қасіретін бірге сезінесің. Соңғы жазба 1976 жылдың 28 ақпанында – Мақатаевтың қайтыс болуына бір ай бұрын жазылған болатын. 1976 жылдың наурыз айының ортасында Мақатаевтың «Өмір дастан» атты соңғы  өлеңдер жинағы жарық көрді. Емі жоқ ауруға шалдыққанына қарамастан, өле-өлгенше поэзияны сүйіп өткен ақын соңғы кітабы жарық көре сала жақындарына қойған қолтаңбасында, Мұқағали не себептен екені белгісіз «1976 жылдың 27 наурызын» белгіледі. «Поэзиям менің, мен өлсем де сен өлме» деп кеткен ақиық ақын дәл сол күні өмірден өзды.

Жазылар естеліктер мен туралы,

Біреулер жан еді дер өр тұлғалы

Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін

Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрманы… деген ақын ақын Мұқағали Мақатаев 45 жылдық ғұмырында сан ғасырға асық болардай мол қасына қалдырды. Көпейген қазақтың қасиетті қара өлеңін биіктерге өрлетті.

1976 жылдың наурызында Мақатаевтың досы М.Жомартбек Ақтөбе облысында іссапарда жүріп, автобустағы кездейсоқ оқиғаның куәсі болды. Онда қазақтың жап-жас сұлу қызы газетті құшақтап, қатты жылады. Жомартбек бойжеткеннен не болғанын сұрағанда, қыз: «Мен өлеңдерін сүйіп оқитын ақын қайтыс болды», деп жауап қатты. Бұл Мақатаевтың қайтыс болғаны туралы қайғылы хабар жазылған газет еді. Сол көктемде Мұқағалиды жақсы көрген барлық адамдар мен оның оқырмандары автобустағы қызбен бірге қайғырып жылады.

Мұқағали Мақатаев қысқа, бірақ жарқын шығармашылық өмір сүрді. Ол отыз жылдай ғұмырын туған ауылы Қарасазында өткізді. Мәскеудегі әдебиет институтында өткен екі жылдық оқуын қоспағанда, оның соңғы он жыл өмірі Алматыда өтті. Ақынның достары мен замандастар оның оптимизмін, өміршеңдігін, ізденімпаздығын бағалады.

Мұқағали Мақатаев – ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы қазақ поэзиясының жарқын бейнесі. Ақын әдебиетке бәрін таңғалдырып, найзағай соққысы секілді енді.

Ол ауыр қиындықтарға толы өмір сүрді, оны жиі түсіне бермейтін. Өлеңдер жинағының алғашқы жинағы ақын ретінде танылғаннан кейін он үш жыл өткен соң шықты. Бірақ, Мұқағали орыс тіліне аударылған аудармаларын көрмей кетті. Ақын ешқашан өмірге түңіліп, шағымданбады. Өйткені, ол үшін шығармашылық маңызды болды.

Мұқағали Мақатаевқа атақ-даңқ қайтыс болғаннан кейін келді. Дантенің «Құдіретті комедиясы» аудармасының шығарылымы оның аудармаларының ерекшесі болды. Кейін поэзиялық жинақтары қазақ поэзиясының алтын қорына енгізілді. Ал нәзік поэтикалық өлең жолдары музыкаға қойылып, қазір әндетіліп жүр.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр