"Адам өмірін сақтайды": ТЖМ 120 миллион теңгеге Tesla Cybertruck сатып алу себебін түсіндірді

Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерболат Садырбаев бюджет тапшылығы жағдайында ведомствоның Tesla Cybertruck электр пикабын не үшін сатып алғанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Садырбаевтың айтуынша, көлік Алматыдағы төтенше жағдайларды жою кезінде өзінің тиімділігін дәлелдеген. Оның сөзінше, әзірге жергілікті атқарушы органдар осындай бір ғана электромобиль сатып алған.
ОқыңызКөліктің құны — 120 миллион теңге.
“Бұл техника өзінің тиімділігін көрсетті. Министрлік адамдарға жедел көмек көрсету қажет болатын, әр минуты маңызды саналатын жағдайларда жұмыс істейді. Tesla Cybertruck түрлі төтенше жағдайларға шығу кезінде өзін ақтады. Біз адам өмірін сақтап қалу туралы айтып отырмыз. Алдағы сатып алуларға келсек, министрлік техникалық паркті жаңарту саясатын жүргізіп келеді және оның тиімділігіне басымдық береді”, – деді Садырбаев.
Айта кетейік, бұған дейін Елімізде енді Төтенше жағдайлар министрлігі Tesla Cybertruck көлігімен жұмыс істейтіні туралы жазған едік.
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр