Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік туры жарияланды

DimashAli шығармашылық орталығы Димаш Құдайбергеннің жаңа жеке концерттік туры басталатынын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бүгін турдың алғашқы күндері белгілі болды. Ұйымдастырушылардың мәліметінше, концерттік кесте келер уақытта толықтырылып, жаңа қалалар мен өнер көрсету күндері қосымша хабарланады.
Сондай-ақ жақын күндері жаңа турдың алғашқы концерті өтетін қала туралы ақпарат жарияланбақ.
“Сіздермен жаңа кездесулерді асыға күтеміз!” – делінген DimashAli шығармашылық орталығының хабарламасында.
Жарияланған алғашқы концерттер кестесі:
- 18 қазан 2026 жыл – Краков, Польша
- 24 қазан 2026 жыл – Дюссельдорф, Германия
- 30 қазан 2026 жыл – Мадрид, Испания
- 11 қараша 2026 жыл – Мерида, Мексика
- 14 қараша 2026 жыл – Монтеррей, Мексика
- 17 қараша 2026 жыл – Гвадалахара, Мексика
- 19 қараша 2026 жыл – Мехико, Мексика
- 20 қараша 2026 жыл – Мехико, Мексика
- 22 қараша 2026 жыл – Богота, Колумбия
- 24 қараша 2026 жыл – Сантьяго, Чили
Осылайша, Димаш Құдайбергеннің жаңа туры Еуропа мен Латын Америкасы елдерін қамтиды. Алдағы уақытта концерттер өтетін басқа да қалалар белгілі болады.
Еске салайық, бұған дейін Мадридте Димаш туралы деректі фильм көрерменге жол тартқаны хабарланған еді.
Жоба Испаниядағы әншінің фан-клубы мен La Gran Voz Kazaja қауымдастығының бірлесіп жұмыс істеуімен түсірілген. Көрсетілім Мадридтегі Palacio de Hielo кинотеатрында өтіп, оған 130-дан астам көрермен жиналды.
Жоба авторларының айтуынша, фильмнің басты мақсаты – әлемге “Димаш қозғалысы” деп аталатын құбылысты көрсету. Яғни әншінің әр елдегі тыңдарманына тигізген мәдени және эмоциялық ықпалын жеткізу.
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Оқыңыз