"Қайраттан кейін 9 рет сәбиімнен айырылдым": Гүлзира Айдарбекова өміріндегі ауыр кезеңді бөлісті

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова жеке өміріндегі ауыр кезеңді айтып берді. Ол “Шайдың қыздары” подкастында ұлы Қайрат Нұртасты дүниеге әкелгеннен кейін бірнеше рет құрсақ көтеріп, сәбиінен айырылғанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Продюсердің сөзінше, алғашқы қайғылы жағдай ағасының қайтыс болғаны туралы суыт хабарды естігеннен кейін болған. Сол кезде ол қатты уайымдап, құрсағындағы сәбиінен айырылған.
“Баланы шетінеп кетті дейміз ғой. Бірде ағамды іздеп Түркістанға қарай қоңырау шалдым. Ол кезде смартфон жоқ. Сөйтсем, ол досының үйінде екен. Қоңырауды ағамның досының үйіндегі жеңгеміз көтерді де “Гүлзира, сенсің бе? Сенің ағаң қайтыс болды” деді. Мен тіпті “кім?” деп сұрамастан, телефонды қоя салып, әр ағамды бір елестеттім. Суыт хабарды естіп, қатты уайымдап қалдым. Сол кезде құрсағымдағы сәбиім шетінеп кетті”, – дейді ол.
ОқыңызГүлзира Айдарбекованың айтуынша, осы жағдайдан кейін тағы бірнеше рет түсік тастаған.
“Осылай артынан алты рет түсік тастадым. Ол кезде студент едік. Таныс бір әйел “алты ай немесе бір жыл демалу керек” деп кеңес берді. Содан кейін Аянды дүниеге әкелдім. Кейін тағы үш рет түсік тастадым. Барлығы тоғыз рет құрсақ жоғалттым”, – деді продюсер.
Ол бұл оқиғаны еске алу оңай емес екенін, алайда аналық жолында осындай ауыр сынақтардан өткенін жасырмады.
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр