"Туған сіңлімдей жақын еді": Гүлзира Айдарбекова марқұм құрбысына жантебірентер жазба арнады

Танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсер Гүлзира Айдарбекова жақын құрбысы әрі сіңлісіндей болған кәсіпкер Сәуле Базарханның қазасына байланысты әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Гүлзира Айдарбекова кейінгі үш күн бойы марқұм құрбысы туралы естеліктерін бөлісіп жүр. Ол Сәуленің қазасы өзіне ауыр тигенін, тіпті екі түн бойы ұйықтай алмағанын жеткізді.
“Гүлеке деп күлімдеп кіріп келетіндей, қоңырау шалатындай болып тұрады”, – деп жазды ол.
Әншінің сөзінше, ол құда-құдағиларымен бірге Ташкентке концертке барып, кейін Шымкентте демалуды жоспарлаған. Алайда ұшақ қонған сәтте телефонында бірнеше жауапсыз қоңырау тұрғанын көрген. Суық хабарды естігеннен кейін ол қонақтарын тастап, шұғыл түрде кері ұшып кеткен.
“Ең болмаса жер қойнына тапсырмай тұрып, Саулешімді өз көзіммен көргім келді. Үйіне бардым, кірдім, көрдім. Моп-момақан болып ұйықтап жатқандай. Өзі де өте сабырлы еді”, – деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Сол күні кешке марқұмның үйінде бауырлары мен жақын құрбылары жиналып, қонақасы берілген. Айдарбекова ертеңіне Ташкенттегі концертіне байланысты қайта ұшуға мәжбүр болғанын айтты. Ал Жұлдыз, Заңғар және Индираға жаназа мен құранға қатысуды тапсырған.
“Сәуле туған сіңлімдей жақын екенін білесіңдер дедім. Олар түгел барып, көңілдері түсіп қайтты”, – деп жазды ол.
Гүлзира Айдарбекова марқұммен қоштасуға келгендердің бәрі көз жасына ерік бергенін, көпшілік оны қимай шығарып салғанын айтты.
ОқыңызЕске салайық, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова өтіндегі тастарды алдыру үшін шұғыл ота жасатқаны хабарланған еді. Ол наркоздан кейін оянбай кеткен таныстары болғандықтан, қатты алаңдап отырғанын жазды. Қуанышқа қарай, продюсер кейін жазба жариялап, отаның сәтті өткенін хабарлады.
“Біраз жыл бұрын абысыным наркоздан қайта оянбап еді. Кейін Алматыда тағы бір абысыным өтіндегі тасты лазермен алдырғанда, қалдығы қалып қойып, іріңдеп, өмірден өткен еді. Қорқынышым содан. Аллаға шүкір, сәтті өтті”, – деп жазды ол.
"Кәрісің, бізге жастар керек дейді": Қазақстандықтар 35-40 жастан кейін жұмысқа тұра алмайтындарын айтып, шағымданды