Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлзира Айдарбекова шұғыл ота жасатты

Гүлжазира Айдарбекова
Фото: Видеодан скриншот

Танымал әнші Қайрат Нұрастың анасы, продюсер Гүлзира Айдарбекова ота жасатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің анасы бұған дейін әлеуметтік желідегі парақшасында өтіндегі тастарды алдыру үшін ота жасалатынын айтқан.

Ол наркоздан кейін оянбай кеткен таныстары болғандықтан, қатты алаңдап отырғанын жазды. Қуанышқа қарай, продюсер бүгін жазба жариялап, отаның сәтті өткенін хабарлады.

“Біраз жыл бұрын абысыным наркоздан қайта оянбап еді. Кейін Алматыда тағы бір абысыным өтіндегі тасты лазермен алдырғанда, қалдығы қалып қойып, іріңдеп, өмірден өткен еді. Қорқынышым содан. Аллаға шүкір, сәтті өтті”, – деп жазды ол.

Әншінің анасы қазір наркоздың әсері әлі толық тарамағанын, өзін әлсіз сезініп жатқанын айтты.

“Наркоздың күші тарап жатыр. Көзім жұмылып, ұйқыға кетіп, қайта оянып жатырмын. Кейінірек толықтырып жазамын, қазір әлсіздік бар”, – деп жазды ол.

 

Гүлжазира Айдарбекова
Фото: Видеодан скриншот

Айта кетейік, бұған дейін Гүлзира Айдарбекова отбасындағы қаралы хабарды жеткізгені хабарланған еді.

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 29 Сәуір, 2026 11:55