Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Пандемиядағы үзілістен кейін Гонконг пен Қазақстан арасында рейс қайта ашылмақ

Cathay Pacific
Фото: Wikimedia Commons

Гонконг пен Қазақстан арасындағы тікелей рейстер жеті жылға жуық үзілістен кейін қайта ашылмақ. Cathay Pacific Алматыға рейстерді іске қосу жоспарын жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Flightglobal.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Oneworld әуекомпаниясы 2027 жылдың бірінші тоқсанында Airbus A330-300 ұшағымен аптасына үш рейсті іске қосуды жоспарлап отыр. Алматы Cathay Pacific компаниясының Орталық Азиядағы алғашқы бағыты болады.

Cathay Pacific тікелей рейстерді жүзеге асыратын жалғыз тасымалдаушы болады. Air Astana бұрын Алматыдан Гонконгқа рейстерді жүзеге асырған, бірақ COVID-19 пандемиясы кезінде бұл рейстер тоқтап, қайта ашылған жоқ.

Мұны Гонконгтың әкімшілігінің бас атқарушы директоры Джон Ли Қазақстанға сапары аясында мәлімдеді.

Cathay басшылары Қытайдың "Бір белдеу, бір жол" инфрақұрылымын дамыту бастамасына қатысы бар елдермен қарым-қатынасты кеңейтуді мақсат ететінін қосты. Олардың айтуынша, Орталық Азия "стратегиялық маңызды" аймақ, ал Қазақстан – ондағы ең ірі сауда серіктесі және жетекші экспорттық нарығы.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 02 Маусым, 2026 15:13