"Электр жиі өшеді, тұрақты интернет пен сапалы жол жоқ": Тоқаев Alatau Smart City жобасы мен өңірдегі қазіргі халық жағдайын сынға алды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысында жүзеге асырылып жатқан Alatau Smart City жобасын сынға алды. Оның айтуынша, облыста әлі күнге дейін жарық, су, жол және интернет мәселелері бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Президент әсіресе электр мәселесін қозғады.
“Қалаға қосылған елді мекендердің (Жетіген, Қоянқұс және тағы басқалар) тұрғындары тұрмысқа қажетті қарапайым жағдайдың жасалмағанын айтады. Электрдің жиі өшуіне қатысты арыз-шағымның көптігін былай қойғанда, тұрақты интернеттің, сапалы жолдың, орталықтандырылған судың жоқтығын алға тартады.
Мұндай мәселелер облыстың барлық аумағында бар. Мәселен, 2025 жылы электр желісінің тозуы 70 пайызға жуықтап, соның салдарынан электр қуатының өшірілуі 919 рет, ал жыл басынан бері 201 мәрте тіркелген”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Президенттің айтуынша, өңірдегі бірқатар инфрақұрылымдық жобалар жоспарланған мерзімнен кеш жүзеге асырылып жатыр.
“Қаланың жаңа аудандарында инженерлік коммуникация тарту жұмыстары әлі күнге дейін жобалау сатысында қалып отыр. Үш қосалқы станцияны жөндеу және су алу қондырғысының қуатын арттыру жобалары белгіленген кестеден кешігуде.
ОқыңызAlatau Smart-City салу міндеттері мен өңірдегі нақты әлеуметтік-экономикалық жағдай арасында қарама-қайшылық айқын байқалады. Мұны ашық айтайық. Бұл жағдайды Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаевтың, сонымен қатар, әкім Марат Сұлтанғазиевтің тарапынан жіберілген олқылық деп санаймын.
Жалпы, жаңа энергия қуаты көздерін кеңейту мен іске қосу қажеттігі – елдік деңгейдегі мәселе. Мамандардың басым бөлігі энергия тапшылығы мәселесінің негізгі шешімі жаңа генерацияны іске қосу деп біледі. Пікірталастың барлығы екі аспектіге – қанша және қандай электр станцияларын салу қажет деген сауалға келіп тіреледі. Біз қашанда талқылауға дайын тұрамыз. Бірақ қазіргі уақытта еліміз энергияны қаншалықты көптеп жоғалтып отыр деген негізгі сауалды ешкім қозғамайды", – деп қосты ол.
Еске салсақ, Stan.kz редакциясы бұрынғы Жетіген ауылына барып, қала тынысын фотоға түсіріп қайтқан еді. Президенттің жоспары жұртқа үлкен үміт сыйлағанымен, ауылдың бүгінгі тынысын көргенде тұрғындардың көңілі әлі де екіұдай екенін байқалды. Бір жағынан, қала атанғанына қуанышты, екіншіден, шешімін таппаған мәселелер әлі көп. Жол, жарық, аурухана мен мәдениет үйі халықтың басты сұранысы болып отыр.
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр