Дипломы мен лицензиясы жоқ: Шымкентте жалған косметологқа ота жасатқан әйел көру қабілетінін айырылды

Шымкентте медициналық білімсіз, лицензия алмастан пластикалық операциялар жасаған 28 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімі шығарылды. Ота жасатқандардың бірінің сол жақ көзі мүлдем көрмей қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
1998 жылы туған Аружан қатысты Қылмыстық кодексінің 322-бабы 2-бөлігі "Абайсызда ауыр зиян келтіруге әкеп соқтырған заңсыз медициналық қызмет" бойынша айып тағылды.
Сот анықтағандай, айыпталушы қаладағы медициналық орталықтардың бірінен кабинет жалдап, әлеуметтік желілерде өз қызметін белсенді түрде жарнамалап, тіпті пластикалық хирургия бойынша оқыту ұсынған. Алайда оның ешқандай дәрігерлік дипломы да, лицензиясы да болмаған. Ол өз танысын қабаққа жасалатын блефаропластика операциясын бар болғаны 100 мың теңгеге жасауға көндірген.
"Операция кезінде сол көзінде бірдеңе дұрыс болмай, қатты қан кетіп, ісіну пайда болған. Науқас бірден көру қабілетінің жоғалғанын айтқан, алайда жалған косметолог бұл қалыпты жағдай, басылады деп сендірген", — делінген сот материалдарында.
10 күннен кейін ісіну басылғанымен, зардап шеккен әйелдің көзі көрмей қалған. Кейін офтальмолог дәрігерлер оған көру жүйкесінің атрофиясы диагнозын қойған. Уақыт жоғалтудың салдарынан көзді сақтау мүмкін болмаған. Айыпталушы клиентке 100 мың теңге гонорарын қайтарып бергенімен, жәбірленуші Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне шағымданған, соның нәтижесінде қылмыстық іс қозғалған.
ОқыңызСотта Аружан А өз кінәсін толық мойындап, кәмелетке толмаған екі баласы бар екенін алға тартып, колонияға жібермеуді және өтемақы туралы талапты қанағаттандырмауды сұраған. Ол өзін жұмыссыз қалғанын да айтқан.
"Сот айыпталушыны кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік мекемесінде 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Сонымен қатар оны 3 жыл мерзімге медициналық қызметпен айналысу құқығынан айырды. Алайда сотталған әйел бірден түрмеге жіберілмейді — кәмелетке толмаған балаларының болуына байланысты жазаны орындау 1 жылға кейінге қалдырылды", - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар сотталушы 5 миллион теңге көлемінде моральдық зиян, 369 мың теңге материалдық шығын, 2 миллион теңге көлемінде заңгерлік шығындар, 58980 теңге жәбірленушілерге өтемақы қоры жарнасын төлеуге міндеттелді.
Еске салсақ, Ақтауда артық майдан арылғысы келіп ота жасатқан депутат мерт болғанын жазғанбыз.
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр