Пластикалық отадан кейінгі блогер өлімі: Денсаулық сақтау министрлігі жеке клиникаға ауқымды тексеріс жүргізетінін мәлімдеді

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Алматыдағы жекеменшік клиникалардың бірінде белгілі блогер Сәуле Базарханның қазасына қатысты істі жеке бақылауына алатынын мәлімдеді. Ол пластикалық ота жасайтын медициналық мекемеге жоспардан тыс ауқымды тексеріс жүргізуді тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлназарованың айтуынша, сала мамандары оқиғаның барлық мән-жайын мұқият зерттеп, дәрігерлердің әрекетіне объективті баға береді.
"Мамандар клиниканың лицензиясы болған-болмағанын, қызметкерлердің тиісті біліктілігі бар-жоғын, медициналық процедуралардың стандарттарға сәйкестігін және шұғыл көмек дұрыс көрсетілген-көрсетілмегенін анықтайды", — деді Денсаулық сақтау министрі.
Ведомство марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, пластикалық және косметологиялық операциялардың толыққанды медициналық процедура екенін еске салды. Министрліктің мәліметінше, мұндай қызметтер санитарлық талаптардың қатаң сақталуын қажет етеді. Егер тексеріс барысында заңбұзушылықтар анықталса, материалдар құқық қорғау органдарына жолданады. Сонымен қатар Ақмарал Әлназарова елдегі барлық эстетикалық клиникаларға бақылауды күшейтуді тапсырды.
ОқыңызЕске салайық, 53 жастағы алматылық Сауле Базархан 15 мамыр күні пластикалық хирургия клиникасында көз жұмған. Ол липосакция жасатпақ болған. Марқұмның жақындары оның қаза болғанын клиника тек үш сағаттан кейін ғана хабарлағанын айтып, әрекетсіздікке шағымданды. Бұған дейін Алматы полиция департаменті әйелдің өліміне байланысты Бостандық аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын растаған болатын. Ал клиника тергеу болып жатқандықтан толық пікір бере алмайтындарын жеткізді.
“Аула сыпырушы блогер ата”: “Қайратқа” 47 жылдан бері жанкүйер алматылық қария желі жұлдызына айналды