Шавкат Рахмонов әйелімен татуласты – Заңгер

Танымал заңгер Мейірман Шекеев Qazaqordasy Youtube арнасына берген сұхбатында UFC файтері Шавкат Рахмоновтың жеке өміріне қатысты желіде тараған әңгімелерге түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Заңгердің сөзінше, Шавкат Рахмонов пен Гүлайым Рахмонова бұған дейін некені бұзу туралы сотқа ресми арыз түсірген. Яғни олардың арасында ажырасуға қатысты заңдық процесс басталған.
“Иә, Гүлайым Рахмонова мен Шавкат Рахмонов ажырасуға арыз бергені рас. Басында олар бұл процесті бастады”, – деді Мейірман Шекеев.
Алайда кейін ерлі-зайыпты өзара тіл табысып, сотқа берген арыздарын кері қайтарып алған көрінеді.
“Кейін олар татуласып, берген арыздарын кері қайтарып алды. Қазіргі таңда екеуі заңды түрде ажыраспаған”, – деп нақтылады заңгер.
Осылайша, Шавкат Рахмонов пен Гүлайым Рахмонова заң жүзінде әлі де ерлі-зайыпты.
Мән-жайы
Айта кетейік, бұған дейін Гүлайым Рахмонова Шавкат Рахмоновпен ажырасқанын ресми түрде мәлімдеген еді. Сонымен қатар 27 наурыз күні сот Гүлайым Рахмоноваға қатысты жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық істі қарады. Аталған іс екі адамның өліміне әкеп соққан апатқа байланысты қозғалған.
Сот шешімімен ол Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Алайда жаза 5 жылға кейінге шегерілді.
Гүлайым Рахмонова 2025 жылы шілде айында жол көлік оқиғасына байланысты басы дауға қалып, қоғамда шу болған еді. Гүлайым Рахмонова тізгіндеген көлік жол апатына түсіп, 2 адам қаза тапқан.
Қазақстандыққа Қытайда адам өліміне кінәлі деген айып тағылды: Күдіктінің өзі шабуыл жасағандардан қорғанғанын айтып отыр
Оқыңыз