Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Шавкат Рахмоновтың экс-жары бесінші сәбиін дүниеге әкелді

Шавкат пен экс-әйелі
Фото: instagram.com/shavkatrakhmonov94 \ instagram.com/kerey_khan03

Танымал спортшы Шавкат Рахмоновтың экс-әйелі Гүлайым Рахмонова бесінші сәбиін дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сүйінші жаңалықты спортшының бұрынғы жары әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол Stories бөліміне сәбиінің суретін жүктеген.

Шавкаттың сәбиі

Айта кетейік, бұған дейін Гүлайым Рахмонова Шавкат Рахмоновпен ажырасқанын ресми түрде мәлімдеген еді. Сонымен қатар 27 наурыз күні сот Гүлайым Рахмоноваға қатысты жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық істі қарады. Аталған іс екі адамның өліміне әкеп соққан апатқа байланысты қозғалған.

Сот шешімімен ол Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылды. Алайда жаза 5 жылға кейінге шегерілді.

Гүлайым Рахмонова 2025 жылы шілде айында жол көлік оқиғасына байланысты басы дауға қалып, қоғамда шу болған еді. Гүлайым Рахмонова тізгіндеген көлік жол апатына түсіп, 2 адам қаза тапқан.

Балнұр Рахматуллақызы
Жұма, 15 Мамыр, 2026 15:35